16.10.2024
2024 жылы 15 қазан күні КГКП «Жалела Кизатова атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» кітапханасында «Сәкен Сейфулиннің туғанына 130 жыл» атты тақырыбында спиннер өткізілді. Іс-шараның мақсаты: студенттер арасында Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығына және оның қазақ әдебиетіндегі маңызына деген қызығушылықты қалыптастыру. Студенттер Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы, қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан үлесі туралы айтып берді. Қатысушылар жазушының өмірбанымен шығармаларымен байланысты түрлі конкурстар мен викториналарға қатысу мүмкіндігіне ие болды. Спиннер Сейфуллиннің шығармашылығының маңызы, негізгі тақырыптары және стиль ерекшеліктері туралы сұрақтарды қамтыды. Студенттер оның шығармаларын белсенді талқылап, өз әсерлерімен бөлісіп, Сейфуллиннің қазіргі қоғамдағы маңыздылығы туралы пікір алмасып отырды. Іс-шара алынған білімдерді талқылаумен аяқталды. Кеш достық атмосферада өтті және қазақ әдебиетіне деген қызығушылықты тереңдетуге ықпал етті.
